Олимпиада чемпионы бұл жайтқа не дейді?
Лондон Олимпиада чемпионы Серік Сапиев 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындары бағдарламасынан боксты алып тастау жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Қазіргі уақытта IBA мен Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) арасындағы жұмысқа қатысты түсінбеушілік бар. Соңғы сессияда ХОК IBA-ны өзінің қозғалысынан шығарып тастады. Міне, осындай жағдай. Екі Олимпиаданы ХОК өткізді. IBA – бұл енді бөлек ұйым. Ол өзінің режимінде жұмыс істейді.
Менің ойымша, бокс Олимпиада бағдарламасынан шығарылмайды. Оны қалай шығаруға болады? Бұл спорт түрі тіпті ежелгі Грекияда Олимпиялық ойындарда болған. Бұл тарих. Олимпиада бағдарламасынан бокс шығаруға кім батылы барады? Әлемнің бәрі сол адамды айыптайтын шығар", – деді Серік Сапиев Baige News-ке берген сұқбатында.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың маусымында IBA ХОК тарапынан басқару, қаржы және этика саласындағы реформаларды жүзеге асыра алмағаны үшін мойындалудан айырылды. Бұған дейін AIBA деп аталған ұйым 2019 жылдан бері Олимпиялық ойындарда бокс турнирлерін ұйымдастыруға қатысудан шеттетілді.
Сондай-ақ, ХОК IBA мүшелері болып табылатын ұлттық федерациялардан боксшылардың 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспайтынын мәлімдеді. Осы жағдайға байланысты, ақпан айынан бастап Ұлттық Олимпиада комитетін басқарған Геннадий Головкин Қазақстан бокс фдереациясына IBA-ға балама ретінде құрылған World Boxing ұйымына өтуді ұсынатынын айтты.
Сонымен қатар, 2028 жылғы Олимпиадада бокстың қатысуы сұрақ астында қалды: ХОК боксды Лос-Анджелестегі бағдарламаға енгізеді, егер 50-ден астам ел жаңа World Boxing федерациясына қосылса. Қазіргі уақытта жаңа ұйымға 42 ел, соның ішінде 8 ел Азиядан қосылды.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)