Бас бапкер неге Оразов, Самородов пен Шушеначевты алаңға шығармағанын айтты
Черчесовтың шәкірттері Словения командасын өз алаңында қабылдап, қарсыластарына 0:1 есебімен есе жіберген болатын. Алайда, алаңға Оразов, Шушеначев пен Самородов шықпады. Мұның себебі неде? Бас бапкер жауап берді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Баршаңызды жақсы ойын көрсетуімізбен құттықтаймын. Норвегияға қарсы ойынмен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсеттік. Екінші таймда Оразов, Шушеначев пен Самородовтың орнына қорғаныста ойнайтын футболшыларды шығардым. Себебі, маған фамилия емес, футболшы керек,-деді Черчесов.
Айта кетейік, ұлттық құрама қараша айында өз алаңында Аустрия құрамасын қабылдайды.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?