Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы өз ойын ортаға салды
2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, екі дүркін УЕФА кубогының иегері, он мәрте Қазақстан чемпионы атанған ойыншы Серік Жаманқұлов Sports.kz сайтына берген сұқбатында Қазақстан мен Португалия арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы матч туралы өз пікірін білдірді. Қазақстан құрамасы Португалияны 2:1 есебімен жеңген болатын, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Барлық қазақстандық жанкүйерді осы жеңіспен құттықтаймын. Матчтың соңында қуаныштан диваннан секіріп түстік! Ойын өте керемет өтті. Кейбір сәттерде біз мықты болдық, ал кейбірінде португалиялықтар басым түсті. Маған Қазақстан құрамасының қарқыны қатты ұнады. Команда әр матч сайын жақсарып келеді. Ойыншылардың жылдамдығы артып, матч бойы жоғары қарқынды ұстап тұра алды", - деді Серік Жаманқұлов.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалында Қазақстан құрамасы Аргентина мен Хорватия арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)