Джуд Беллингем досының ішкі уайымымен бөлісті
«Реал Мадрид» футбол клубының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем өзінің досы Джуниор Винисиустың расизм салдарынан жапа шегіп жүргенін айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Наурыз айында өткен баспасөз мәслихаты кезінде Винисиус расизмге қатысты ойымен бөлісіп, көзіне жас алған болатын.
Винидің көңілі құлазыды. Виниді мұндай кейіпте көру өте қиын. Мен білетін Винисиус әрдайым жүзі жадырап, адамға бақыт сыйлайды. Бір ретте расизмнің кесірінен футболдан бас тартқысы келетінін айтқан еді. Мадридке оралған кезімізде оған үлкен қолдау білдіру керекпіз»,- деді Беллингем.
Айта кетейік, 2022/23 маусымында «Реал» сырт алаңда «Валенсияға» қарсы ойын өткізген болатын. Нәтижесінде, қарсы тараптың жанкүйерлері бүкіл ойын бойы Винисиуске қарсы расизмнің белгілері бар түрлі жала жауып, намысына тиді. Ойын екінші таймда тоқтатылды.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)