Ол кім?
Португалиялық маман Рубен Аморим «Манчестер Юнайтед» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
39 жастағы Аморим ойыншылық мансабында Португалияның «Белененсеш», «Бенфика», «Брага» клубтарында және Қатардың «Аль-Вакра» командасында өнер көрсетіп, ұлттық құрама сапында 19 матч өткізген. Бапкерлік қызметке 2018 жылы кірісіп, бірнеше жылда өз елінде беделді маман ретінде танылды.
Ағылшын клубы лиссабондық клубқа өтемақы ретінде 10 миллион еуро төлеп, Амориммен 2 жылдық келісім-шартқа қол қойды. Келісімге сәйкес, қажет болған жағдайда тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)