Құнын жоғалтса да Роналдудан биік тұр: Ол кім? SportBox

37-жасар танымал форвардтың құны 5 миллион еуроға арзандады

Әлемге танымал Transfermarkt порталы МЛС ойыншыларының құнын жаңартты. Нәтижесінде, Лионель Мессидің бағасы бес миллион еуроға арзандады,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

37-жасар аргентиналық форвардтың футбол нарығындағы қазіргі құны – 25 миллион еуроны құрайды. Ал, португалиялық Криштиану Мессиден 10 миллион еуроға арзан екен. Оның жалпы құны – 15 миллион еуроға тең. 

Айта кетейік, Лионель Месси америкалық "Интер Майами" клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін Аргентинаға барып бір маусым өнер көрсетуді жоспарлап отыр.