Жаңазеландиялық боксшы үлкен мәлімдеме жасады
Жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайлович қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлына сес көрсетті. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
"Оның не ойлайтыны маған қызық емес. Оның менмендігі көзін соқыр қылып біткен, соны білемін. Сөзі көп әрі тәкаппар. Мені нокаутқа жіберетінін айтып жүр екен, жақсы, ендеше неге қабілетті екеніңді көрсет. Құбыжық екенсің, дәлелде. Бірақ ол сенің қолыңнан келетініне сенбеймін, керісінше, сенің көзіңді құртатыныма, жоқ қылып жіберетініме 150 миллион пайыз сенімдімін. Ол бізді ақымақ қылды, алдады. Сондықтан жымия қарап отыруым керек пе? Бұған дейін оны қысқа әрі тәтті соққы күтіп тұрса, енді ұзақ соққылар күтіп тұр, бар айырмашылық сол", - деді Андрей Михайлович Sporting News басылымына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович 4 қазанда Сиднейде (Аустралия) кездесу өткізеді.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)