Талғат Сырымбетов өзбекстандық чемпионды жеңіп, жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов 60 кг салмақ дәрежесінде өзбекстандық Абдували Бурибоевты тартысты жекпе-жекте жеңіп, 1/4 финалға шықты. Турнир 5 қазанға дейін жалғасады.

Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов 60 кг салмақ дәрежесінде 1/8 финалында өзбекстандық Абдували Бурибоевпен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жек төрешілердің шешімімен Сырымбетовтың жеңіске жетуімен аяқталды.

Айта кетерлігі, Бурибоев кәсіби боксшы болып табылады және оның есепшотында сегіз жеңіс бар, оның алтауы мерзімінен бұрын аяқталған.

Турнир 5 қазанға дейін жалғасады, оған шамамен 100 боксшы қатысуда.