Таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы көз жұмды facebook.com/parasport.kz

Ол Париждегі Паралимпиада ойындарына қатысқан

Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өміралі Нышан Елубайұлы өмірден озды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Нышан Өмірәлі Жамбыл облысы Тараз қаласының тумасы. Ол 17 жасынан спортпен айналысып, бүгінгі күнге дейін екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы атанды. Соынмен қатар Азия ойындарының және көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері. Токио-2020 және Париж 2024 Паралимпиада ойындарының қатысушысы.

Нышан Өмірәлі Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, қола медаль үшін де бәсекеде сынға түскен еді. Пара таеквондодан +80 кг салмақ дәрежесінде К44 санаты бойынша Иран өкілі Хагшенас Хамедпен қола медаль үшін бәсекеде кездесті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 14:16 есебімен есе жіберген болатын.