Қазақстандық боксшы жаңа зеландиялық қарсыласын жылатып кетті
IBF және WBO нұсқалары бойынша бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичпен көптен күткен жекпе-жегін өтізіп, 9-шы раунда қарсыласын нокаутқа жіберу арқылы сенімді түрде жеңіске жетті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Жалпы жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын. Алайда, Жәнібек қарсыласын 2-ші раундта құлатып үлгерді. Андрей алған соққысына қарамастан аяққа тұрып үлгерді. Нәтижесінде, кездесу 9-шы раундқа дейін жалғасты.
Ресми түрде Жәнібек Әлімханұлы өзінің IBF және WBO нұсқалары бойынша титулдарын абыроймен қорғап шықты.
Бұл жеңіс Әлімханұлының қатарынан жеңген 16-шы жеңісі. Ал, Михайлович өз мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?