«Ешнәрсе түсінбегендіктен күле бердім»: Танымал теннисші қазақ тілін күлкі етті Olympic.kz

Ол қазақ тілінде сөйлей алмайды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Алматы қаласында ATP250 турниріне арналған промо-бейнебаянының түсірілімінде қандай қиындықтармен кездескенін айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Түсірілім барысында ең қиын болған сәт қазақ тілінде сөйлегенің бе? 

"Әрине! Менімен жұмыс істеген адаммен қазақ тілінде сөйлесуім керек болды. Диалог құруым керек болды. Басында ол кісінің айтқанын түсінбей, күлкім келе берді. Кейін «Алматыда» деген сөзді айтқызды. Орысшасы «в Алмате» болады. Мен екпінін дұрыс қоя алмадым. Тіпті, «Алматада» деп айтқаным да бар. Мұның бәріне қарамастан, түсірілім керемет өтті»,-деді Бублик.

Айта кетейік, Александр Бублик бүгін Шанхайда өтіп жатқан ATP 1000 турнирінің екінші айналымында өнер көрсетеді.