Ақтауда бокстан халықаралық турнир өтті
Ақтауда Шоқыр Бөлтекұлының құрметіне халықаралық бокс турнирі ұйымдастырылды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Турнир нәтижесі бойынша қазақ жігіттері жеті алтын медальдің иегері атанды. Олардың ішінде, Нұрғиса Тұрабеков, Бекзат Алдамжаров, Самат Жетибаев, Жолдас Женисов, Ерхан Турдан, Даулет Тулемисов және Бекболат Абдикерим бар.
Ал, өзбек бауырларымыз төрт алтынмен қайтты. Олардың қатарында Саят Ильясов (63,5 кг), Шахбоз Юнусалиев (67 кг), Сираджатдин Худжахметов (75 кг) және Нусратбек Тохиров бар.