Бауыржан Аленов марқұм Шерзаттың өртенген үйіне барды
Күні кеше Талғарда қайтыс болған 16-жасар Шерзаттың үйі өртке оранды. Бұл оқиға бүкіл Қазақстанды дүрліктіргені рас. Осы орайда ҚР Ішкі істер министрлігі бұл жағдайға аса мән беріп, өз бақылауына алды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
ҚР ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Аленов оқиға орынына келіп жетті. Аленов оқиғаның мән-жайымен таныс болғаннан кейін пікір білдірді.
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен оқиға орнына келіп жеттім. Менімен бірге министрлік қызметкерлері де келді. Жедел-тергеу тобы құрылды. Бейнебақылау камераларынан жазбалар қаралуда. Куәгерлермен де жұмыс істеп жатырмыз. Күдіктілер ұсталып, қатаң жазаға тартылатын болады. Қылмыстық іс ҚР Ішкі істер министрінің бақылауына алынды»,- деді Аленов.
Тағы да оқыңыз: 16-жасар Шерзаттың үйі өртеніп кетті