Ұлттық құраманың экс-бапкері қазақ жігіттерінің Словениядан жеңілгеніне пікір білдірді
Бүгін, 13 қазан күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Словения командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Кездесу Алматы қаласында өтіп, қарсылас команданың пайдасына аяқталды. Осы орайда ұлттық құраманың бас бапкері пікір білдірді.
Қазақстан ұлттық құрамасы үшін уайымдаймын. Федерация президентімен менің ұсынысымды талқылаған болатынбыз. Черчесов те бұл ұсынысқа оң көзқараста. Біз ұлттық құрама жігіттерін Ұлттар лигасы арқылы Әлем чемпионатына дайындайық дегенбіз. Әлі алда бір жыл уақыт бар. Қазір команда басында мен тұрсам да дәл осындай нәтиже көрсетуші едім. Черчесов қазіргі қиын ойындар арқылы ұлттық құраманы әлем чемпионатына дайындайды,-деді Адиев
Айта кетейік, Ұлттар лигасының жалпы кестесінде Қазақстан ұлттық құрамасы 1 ұпаймен көшті қорытындылап тұр.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?