Олар керісінше ажыратты: өлімге қатысы бар екі әйел жазалана ма? Фото-коллаж Alash.kz сайтынан алынды

Бұл іске қатысты екі әйел жазалана ма?

Талғардағы қанды оқиғаға қатыстылардың саны 10-ға жетті. Бұл туралы бүгін марқұм Шерзаттың өліміне қатысты брифингте айтылды, деп Dopmedia.kz тілшісі Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұм 16 жастағы Шерзат Болаттың отбасы оқиға орнында болған екі әйелді қамауға алуды талап етті. Алайда ішкі істер министрлігі екі әйелдің ешқандай іске қатысы жоғын айтты. 

Шерзаттың отбасының айтуынша, ол екеуінің қолында да пышақ болған. Екі әйел Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты дүкеннен шығармай, ұстап тұрған. 

“Видеодан екі әйелдің біреуі ер адамдарды ажыратып, олардың бірін шетке алып кеткенін көруге болады. Сондай-ақ видеодан көргеніміздей, екі әйелдің тарапынан ешқандай белсенді әрекет болмады”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.

    Көп оқылды: