Аулу сыпырушысы өз ренішін білдірді
Әлеуметтік желіде аула тазалап жүрген апай мемлекеттік қызметте жүрген жандарға ренішін білдірді, деп Dopmedia.kz тілшісі Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы видео инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланды. Видео барысында аула сыпырушы апай мемлекеттік қызметкерлерді сынап тастады.
"Үкіметке жұмысын істейтіндер: мұғалімдер, балабақшадағылар, көмекке шықпая қойсыншы, өтініш. Олар істемейді. Келеді де, "күрек, сыпырғыңызды бере тұрыңызшы, суретке түсіп, кейін кетеміз" дейді. Не керегі бар оның?" - деді ол видеода.