Хоккейден Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды olympic.kz

Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысады

29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакияның Братислава қаласында 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға шайбалы хоккейден іріктеу турнирі өтеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының ойындар кестесі жарияланды.

Бұл іріктеу кезеңі аясында Қазақстандық шайбалы хоккей командасы Аустрия, Венгрия және Словакия командаларымен кездеседі.

Ойын кестесі төмендегідей:

Қазақстан – Венгрия (29 тамыз, 17:00)

Қазақстан – Аустрия (30 тамыз, 17:00)

Словакия – Қазақстан (1 қыркүйек, 21:00)