Холанд «Барселонаға» ауыса ма? sport5.by/

Эрлинг Холанд Англиядан кеткісі келіп жүр

Норвегиялық ойыншы, «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд АПЛ-ден кетіп, Испанияға ауыспақшы. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Жақында Холандқа франциялық «ПСЖ» командасы қызығушылық танытқан еді. Алайда, Холанд бұл ұсыныстан бас тартты. Ол болашақта өз мансабын Испанияда жалғастырғысы келетінін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Эрлинг Холандтың англиялық клубпен келісімшарты 2027-жылға дейін жарамды.