"Связьға шықшы маған": танымал блогер өзін Хасан қорқытқанын айтты (видео) Фото Sn.kz сайтынан алынды

Оның айтуынша, Хасан оған хабарлама жіберген

Танымал журналист Жан Ахмадиева атышулы Хасанның өзін бопсалағанын айтты, деп Dopmedia.kz тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялады.

Ахмадиевке әлдекім «Ассалаумағалейкүм, блогерсымақ, елді неге шулатып жатсың-ей? Связьға шықшы маған» деп дөрекі түрде хабарласады. Журналистің сөзінше, желіге жариялаған видеосындағы дауыс атышулы Хасанның оған жіберген аудио хабарламасы.

«Бұл Хасанның маған WhatsApp арқылы жіберген хаты-мыс. Білмей жатып қараладың деп маған да, өзінің сұхбатында да баяндады», - деді Жан Ахмадиев.