“Астана” футбол клубының бас бапкері мәлімдеме жасады
Астаналық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян "Шахтер" командасын ауқымды есеппен жеңіп кеткеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Алғашқы он минутта қарсыласымыз жақсы ойын көрсетті. Олар бізге бес соққы жасады. Біз 20-шы қазан күні "Елімайға" қарсы ойнаймыз, ал кейін Англияда Конференция лигасында ойнаймыз. Қазір әрбір ойыншы қажет.
"Шахтерды" жеңгенімізге қуаныштымыз. Біз тағы бірнеше гол соға алар едік және соғуымыз керек еді. Екінші таймда біз белгілі бір ойыншыларға мүмкіндік бердік.
Елімайға қарсы ойын ба?Әрине жеңуге тырысамыз. Мұны ұжым жақсы түсінеді. Бұл жеңіске жету керек матч. Біз Семейге тек жеңіс үшін ұшамыз. Мақсат – чемпион болу. Біз сондай-ақ Конференция лигасында жоғары дәрежеде өнер көрсетуіміз керек», - деді Бабаян.
Айта кетейік, "Астана" командасы 34 ұпаймен КПЛ турнир кестесінің 5-ші орнында тұр.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?