Жеңілістен көз ашпаған "Барыс" қазақтың қолына тиді (фото) hcbarys.kz

«Барыс» хоккей клубына жаңа бас директор келді

Нұрлан Оразбаев "Барыс" хоккей клубының бас директоры атанды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі "Барыс" хоккей клубының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған дейін 56 жастағы маман осы қызметті 2006-2012 және 2013-2015 жылдары атқарған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, жақында "Барыс" Борис Иванищевтің бас директор қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлаған еді.