Жекпе-жек өтпейді: Әлімханұлы ауруханада жатыр

Бокстан Әлем чемпионы есінен танып қалды

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Михайловчипен жекпе жек қарсаңында ауруханаға түсті,-деп хабарлайды dopmedia .kz

Боксшы 14 шілде күні Лас-Вегас қаласында Palms Casino Resort турнирінің шыңына шығамын деп жоспарлаған еді. "Қазақ Стилінің" қарсыласы ретінде жаңазеландиялық Андрей Михайлович таңдалды. 

Алайда, бүгінгі ойын алды жаттығу кезінде денесіне үлкен ауырлық түсіргендіктен, боксшы өзін жайсыз сезініп жергілікті ауруханаға жатқызылды. 

Әлімханұлының менеджері Эгис Климастың айтуы бойынша: 

"Жәнібек соңғы жаттығуларын тамамдап, салмақ тастау үшін келесі жаттығуларын бастап жатты. Бір сәтте басы айналып, есінен танып, құлап түсті. Біз дереу жедел жәрдем шақырдық. Қазір ауруханада жатыр."-. деді Климас. 

 

    Көп оқылды: