«Барыс» хоккей клубы легионерлерден тазаланып жатыр
"Барыс" хоккей клубы тағы 3 легионермен келісімшартын тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Елордалық "Барыс" хоккей клубы қорғаушылар Натан Больё мен Уилл Бутчер, сондай-ақ шабуылшы Майкл Маклаудпен келісімшартын үзгенін мәлімдеді. Бұл шешім клуб тарапынан қабылданды. Келісімшартты бұзғаны үшін "Барыс" хоккей клубы 3 легионерге өтемақы төлейді.
Айта кетейік, осы үш ойыншы да жазда "Барыс" құрамына қосылған болатын. Натан Больё ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында 8 ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Уилл Бутчер 15 ойында 3 пас берсе, ал Майкл Маклауд 16 кездесу өткізіп, 6 (3+3) ұпай жинаған.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?