Шерзаттың әжесі «куәгер қыздар» туралы өз пікірін айтты
Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Нұрымова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жолдады, деп Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Үндеуді бір жағынан отбасын қаралап, өздеріне кінә артып жатқан кей адамдарға да арнапты.
“Сіздер айтып отырған қыздарды сол жерден топырлап, солардың көлігіне мініп кеткенін өз көзіммен анық көрдім. Ал сіздер оларды куәгер қылып отырсыздар. Куәгер болған адам сол 11-12 жігіт жан айбатпен топырлап тепкілеп жатқан кезде еш болмаса әр қайсысы бір жігітті құшақтап, құтқаруға тырыспас па еді? Видеоға түсіп қалмас па еді? Соған неге қарамайсыздар? Өзімізді кінәлағысы келген Үкіметке жанайқайымызды жеткізіп тұрмын”, – деген Жұмабике Нұрымова баласын бұзақы етіп көрсеткен монтаждалған видеоның қалай пайда болғанына ашулы.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?