Жамбыл облысында қайғылы жағдай болды
Жамбыл облысында жылу маусымы басталмай жатып бір отбасы газға уланып қаза тапты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Журналист Нурадин Рақайдың жазуынша, қайғылы оқиға Жарлысу ауылында болған.
“1967 жылғы отағасы, 1975 жылғы жұбайы және 2011 мен 2019 жылғы мектеп оқушылары бар. Алдын ала дерек бойынша мұржа бітеліп қалған. Мұндай жағдай Қызылшаруа ауылында да тіркелді.(Жамбыл ауданы) онда үш адам уланып, екеуі бақилық болған. Бір адам дәрігердердің бақылауында.
Егер қаза тапқан адам саны 5 ден көп болса, арнайы комиссия құрылады. Бізде алты адам. Бірақ тергеп-тексерілмейді. Өйткені бесеуі бір жерде болуы керек екен”, деп жазды Н.Рақай.