Абай Бегейдің әйелі күйеуін неліктен «Тақсыр» деп атайтынын түсіндірді (видео) Видеодан скриншот

Абай Бегейдің әйелі күйеуін қалай атайтынын айтты

Әнші Абай Бегейдің жолдасы неліктен «Тақсыр» деп сөйлейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бұл туралы ол Жанерке Сейфуллинаның “Айтарым бар” подкастында айтты.

«Смановтар әулетін білетін шығарсыздар. Сол әулеттің ұлы бар. Сол бала ұстаздарға «Тақсыр» деп сөйлетін. Маған да солай айтатын. Өзі құрметтейтін адамдарға ілтипатын солай білдіреді. Сол кезде ойладым не деген күшті сөз деп. Бірақ күйеуімді олай айтамын деп ойлаған жоқпын. Күйеуім менен 18 жас үлкен. «Жан», «Жаным» деген сөздер ұнамайды. Атын да атай алмаймын. Жалпы атын атасаң ұрысуға бейім боласың. Сіз деп қалай ұрысасың? Сосын тақсыр деп атап кеттім», – деді Фариза.

Сонымен қатар ол, жас айырмашылығы білінбейтінін, соңғы 3-4 жылда идиллияда өмір сүріп жатқандарын, күйеуіне шұғыл шаруа болмаса хабарласпайтынын да айта кетті.