Желіні шулатқан Дубай шоколады туралы сіз білмейтін шындық Из открытых источников

Дәрігерлер танымал тәттінің қауіптілігі туралы ескертіп отыр

Бұл тәтті бірнеше ай ішінде нағыз хитке айналды. Дубай шоколадын блогерлер мен жұлдыздар мақтап, одан дәмді ештеңе жоғын айтады. Бірақ дәрігерлер бұл тәтті дене бітімінен бөлек, жалпы денсаулыққа қауіпті екенін ескертеді. Оның құрамы қандай және денсаулыққа қалай әсер етеді? Бұл туралы мамандармен бірлесіп "Доктор Питер" зерттеу жүргізді.

Танымал шоколад қолмен дайындалады. Оның дәстүрлі құрамында бельгиялық сүт шоколады, пісте немесе кунжут пастасы, сондай-ақ катаифи қамыры бар. Катаифи бастапқыда Шығыста қолданылған, ол өте жұқа ақ жіптер тәріздес қамыр. Құрамында бәріне таныс ингредиенттерден тұрады: су, тұз, ұн, тауық жұмыртқасы.

Тәтті паста мен тәтті шоколад қосындысы, оның үстіне қамыр салынса — бұл нағыз көмірсулар бомбасы болады. "Мұндай өнім шынымен де зиян тигізуі мүмкін",- дейді токсиколог дәрігер Михаил Кутушов.

Пісте пастасы мен катаифи қамырынан бөлек, шоколад құрамында жиі экзотикалық жемістер, жаңғақтар, дәмдеуіштер, сүт өнімдері, сондай-ақ бояғыштар мен консерванттар қолданылады. Мұның бәрі онсыз да тәтті шоколадтың калориясын көбейтеді, ал кейбір ингредиенттер аллергия тудыруы мүмкін.

"Өкінішке қарай, трендтегі десертті алғаш тістегеннен кейін аллергиясы басталған бір қыз бар . Содан кейін тұншығу, жөтел және денесінің әр жерінде қышу басталды. Келесі кезекте көздері ісініп, кейін ол мүлдем есінен танып қалды. Қандай ингредиент Квинке ісігін тудырғанын айту қиын, бірақ бұл жағдай шоколадты бақылаусыз қолданудың қауіптілігін айқын көрсетеді", - деп атап өтті дәрігер.

Егер де бұл ерекше тәтті аллергиялық реакцияларды туғызбаса, адамда ас қорыту жүйесінде қиындықтар пайда болуы мүмкін. Дубай шоколадында калория мен май көп, бұл диарея, жүрек жаншу және іштің кебуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, осындай тәттіге тәуелділік салмақ мәселелерін туындатады. Сондай-ақ, өндірушілер көбіне тәттінің құрамын жасырын ұстайды. Яғни, қамыр, шоколад және паста сапасыз болуы мүмкін. Бояғыштар мен консерванттар туралы да ұмытпаған жөн.

Ас қорыту жүйесіндегі мәселелер мен анафилактикалық шоктан басқа, мұндай көмірсулар мен қанттың көптігі ұйқы безінің қызметін бұзуы, өт қабындағы мәселелердің, атап айтқанда, холециститтің асқынуына себеп болуы мүмкін, бұл әсіресе өтте тастар бар адамдар үшін қауіпті.

 

    Көп оқылды: