Испанияда бірнеше күн бұрын «дүрлікпе» болды
Каталондық клуб Эль Класико құрметіне саны шектеулі футбол киімін сатылымға шығарды. «Барселона» онлайн музыка сервисі Spotify-пен серіктестік орнатып, "Реалмен" өтетін маңызды матч үшін Coldplay тобының логотипі бар 1899 дана футболка шығарды.
Футболкалар сатылымға шыққан бойда әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер Барселонаға келіп, форманы жаппай сатып алды. Жақында әлеуметтік желіде азиялық фанаттың 20 футболка сатып алғаны туралы видео тарап кетті, оны 8 мың евроға алғаны белгілі болды.
Еске сала кетейік «Реал» мен «Барселона» арасындағы матч 26 қазан күні Қазақстан уақытымен 00:00-де өтеді.
Ла Лиганың 9 турынан кейін «Реал» 21 ұпаймен екінші орында, ал «Барселона» 24 ұпаймен чемпионатта көшбасшы болып тұр.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)