Толғанай Қасымхан өзбек боксшысын ойсырата жеңді (видео) Margit Kincses

Енді Толғанай жартылай финалға шығу үшін Литва боксшысымен кездеседі

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасының мүшесі Толғанай Қасымхан (60 кг) өзбек боксшысын жеңіп, келесі айналымға өтті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Отандасымыз көрші елдің өкілі Рахима Бекниязовамен қолғап түйістірді. Қазақ қызы үш раунд бойы қарсыласына басымдық бермей, сенімді өнер көрсетті. Алайда, төрешілердің жартысы жеңісті өзбек боксшысына берді деп санап, жекпе-жек 3:2 есебімен Толғанайдың пайдасына шешілді, сол арқылы ол ширек финалға жолдама алды.

Енді Толғанай жартылай финалға шығу үшін Литва боксшысымен кездеседі. Бұл жекпе-жек 29 қазанда өтеді.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан құрамасынан тағы төрт боксшы жарыс жолына шығады:

71 кг - Өнер Сейілхан қарсылас - Иван Синяк (Беларусь)

63 кг - Аружан Жаңабаева қарсылас - Александра Мартинес (Венесуэла)

60 кг - Алексей Хаванцев қарсылас - Нодирбек Аллаберганов (Өзбекстан)

57 кг - Жансері Көшербаев қарсылас - Никола Михайлович (Словакия)