Зайнутдинов «Бешікташтан» кете ме? Фото: Vasile Mihai-Antonio/Getty Images

Бақтиердың «Бешікташтағы» болашағы белгілі болды

Бақтиер Зайнутдиновтің агенті Евгений Новиков қазақстандық футболшының болашағы жайында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dopmedia.kz

«Бақтиер маусымды «Бешікташтан» басқа клубта бастамайды. Клуб оған сенім артып отыр. Басқа ештеңе қарастырып жатқан да жоқпыз. Ресей ме? Жақсы футболшыларға қызығушылық қашан да болады. Бірақ Зайнутдинов «Бешікташ» сапында маусымға, еурокубоктарға дайындалып жатыр», – деді Новиков. 

Зайнутдинов өткен маусымда 37 ойын өткізіп, қарсылас қақпасына тек 1 гол соға алды.