Ресми мәлімдеме бойынша, біреуі көз жұмған, ал үшеуі ауруханада
Қазақстан Премьер-лигасының 24-турындағы «Астана» – «Ақтөбе» матчы қарсаңында қайғылы оқиға орын алды. Ойынға бара жатқан елордалық жанкүйерлердің автокөлігі жол апатына ұшырап, бір жанкүйер қаза тапты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бұл туралы ақпарат «Астана» клубының баспасөз қызметінен келіп түсті.
«Бүгін таңертең «Астана» футбол клубының үлкен отбасында орны толмас қаза болды. Клуб жанкүйерлерінің бір тобы Алматы қаласында өтетін «Астана» - «Ақтөбе» матчының жолында апатқа ұшырады. Елордалық жанкүйер Нұрлан Ауғанбай алған ауыр жарақаттардан қайтыс болды, тағы үш жанкүйер түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр», — делінген хабарламада.
Қалған үш жанкүйердің денсаулық жағдайы әзірге нақтыланған жоқ.
Айта кетейік, «Астана Арена» стадионы жөндеу жұмыстары үшін жабылғаннан бері елордалық клуб өз ойындарын Алматыда өткізіп келеді. Бүгінгі «Ақтөбемен» матч та «оңтүстік астанада» сағат 14:00-де басталады.
.
-
6 қараша, 2024
Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті – Тамара Асар