Волейбол федерациясын 26 жыл бойы басқарған Нұртай Әбіқаев орнын босатты
Қазақстан волейбол федерациясында басшылық ауысып, 26 жыл бойы президент қызметін атқарған 77 жастағы Нұртай Әбіқаев орнын босатты. Федерацияның есептік-сайлау конференциясында жаңа басшы ретінде қаржы министрі Мәди Такиев сайланды. Сайлауда үш үміткердің арасынан Мәди Такиев басым дауыспен жеңіске жетіп, 2028 жылға дейін федерация тізгінін ұстау құқығына ие болды, деп хабарлайды Dopmedia.kz .
Мәди Такиев 1978 жылы Алматы облысында туған. Ол 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді, 2005 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінде іскерлік әкімшілдендіру магистрі дәрежесін алды.
Мансап жолында Мәди Такиев салық және қаржы саласында жұмыс істеген: 1998-2012 жылдары Алматы қаласының салық департаментінде, 2012-2013 жылдары ҚР қаржы министрлігінің салық комитетінде, 2014 жылы Қазақстан Премьер-министрі кеңсесінде бас кеңесші, 2017-2019 жылдары ҚР қаржы министрлігінің салықтық бақылау департаментінің директоры болды. 2020-2023 жылдары ол Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарды. 2023 жылдың наурызынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетін басқарып, 2024 жылдың ақпанынан қаржы министрі қызметін атқарып келеді.
Ал Нұртай Әбіқаев Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың серіктесі ретінде белгілі. Ол еңбек жолында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Президент Әкімшілігін басқарды және Сенат депутаты болды.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)