«Барселона» клубы «Реал» қақпасына жауапсыз 4 гол соқты
Бүгін, 27 қазанда Испания чемпионатының 11-туры аясында мадридтік "Реал" футбол клубы өз алаңында "Барселонаны" қабылдады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Реал" футбол клубы Сантьяго Бернабеу стадионында "Барселонаны" қабылдап, 0:4 есебімен жеңіліс тапты.Бұл ойында Роберт Левандовский (54 және 56-минуттар) дубль авторы атанса, Ламин Ямаль (77) мен Рафинья (85) бір-бір голдан соқты.
Осылайша, "Барселона" футбол клубы турнир кестесінде 30 ұпай жинақтап, жеке дара көш бастап келеді. Ал мадридтік "Реал" клубының еншісінде 24 ұпай бар.
-
6 қараша, 2024
Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті – Тамара Асар