Бейнекадрларда төбелесте бірнеше жігіттің қатысқаны байқалады.
Желіде Павлодардағы жаппай төбелестің видеосы жарияланды, оған болжам бойынша бірнеше жігіт қатысқан, деп хабарлайды Dopmedia.kz NUR.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтың полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісіндегі tipavlo.dar паблигінде жарияланды.
Жаппай төбелес Павлодар қаласындағы Қамзин көшесінде болған. Әуесқой видео кадрларында бірнеше жігіттің төбелесіп жатқаны көрсетілген, оның ішінде бір адамның жерде жатқаны көрінеді. Ол қарсылық көрсетпесе де, кейбір қатысушылар соққы жасауды жалғастыра береді.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Барлық қатысушылар анықталып, (жастары 22-ден 36 жасқа дейін) полицияға жеткізілді. Тексеру жүргізілуде, содан кейін әрбір адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі," – деп хабарлады ведомство. Полиция кикілжіңге кәмелетке толмағандар қатыспағанын да атап өтті.
Назар аударыңыз: видео зорлық-зомбылық көріністерін қамтиды! Тұрақсыз психикасы бар адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмағандарға көруге ұсынылмайды.