Ринат Ибрагимовқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімі өзгерді
Атырау облысы, Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовқа қатысты алғашқы сот шешімі апелляцияда өзгертілді, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Апелляциялық сот алқасы істің материалдарын қайта қарап, И.-дің қылмыстық әрекеті жәбірленушінің көрсетпелері мен сот-медициналық сараптама қорытындысымен расталды деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, алқа "айыпталушыға анық белгілі материалдық тәуелділік" белгісі дұрыс қолданылмаған деп шешті, өйткені жәбірленушінің сотталғанға тәуелділігін дәлелдейтін айғақтар ұсынылмады. Жәбірленушінің кәсіпкерлік қызметпен айналысып, шотына қаражат түскені көрсетілген құжаттар бар. Осы себепті, И.-дің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды», — делінген сот хабарламасында.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?