Мейрамханаға түйе кіргізбекші болғандар көпшіліктің ашуына тиді
Әлеуметтік желіде мейрамханаға түйе алып кіргендер қызу талқыға түсті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам белсендісі, журналист Гүлмира Әбіқай халыққа үндеу жасап, той иелерінің қылығы дарақылық деп ашуланды.
“Той жасама деп ешкімге шектеу қоя алмаймыз. Әр адам өз тапқан табысына орай қуанады. Бірақ, жеке мерекелер һәм қырқынан шықпаған нәрестені тойхана ортасында шілде суға шомылдыру дұрыс емес шығар?
Тойды несиеге шашылып жасап, тойға бару үшін де қарыздану дұрыс емес, меніңше. Ал, мынадай дарақылықты мүлдем қою керек! Не болды ал? Тойхана есігінен өркеші сыймай атан түйе кері қайтты. Тойға малсыз-ақ өзіміз кіре берейікші, а?! Онсыз да тойда мал болатындар көп қой”, – деп жазды журналист.
Бейнежазбаны көрген бір топ оқырман түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі ерекшелік десе, енді бірі қауіпті екенін айтты.
“Дұрыс тойға тоқтау салу керек. Тек үйлену той мен сүндет тойға рұқсат берсін”, “Түйе тілі болса, бізге ренжуші еді”, “Түйені аяп отырмын”, “Осындай дарақылық, мақтаншақтық керек емес”, – деп жазды көпшілік.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)