Перу мен Чили арасындағы матчта есеп ашылмай, 0:0 есебімен тең аяқталды
Әлеуметтік желіде Чилиде түсірілген видео қызу талқылануда. Онда табытта жатқан марқұмның жанына жиналғандар футбол матчын тамашалап отыр.
Белгілі болғандай, қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салуға жиналғандар «жаназаны» ысырып қойып, теледидарға телмірген. Өйткені, бұл уақытта Америка кубогі аясында олардың сүйікті құрамасы Перумен ойнаған болатын.
Видеоға қатысты оқырман пікірі әртүрлі, бірі сынап жатса, енді бірі жанкүйерлердің бұл әрекетіне түсіністікпен қараған, арасында түрлі әзіл де бар.
«Чилидің өз атмосферасы бар», «Марқұм орнынан тұрып кетіп, басқалармен бірге футбол көретін шығар деген оймен отырдым», «Бірге көрген қызық қой», «Кейбір елдерде футбол ол спорт түрі ғана емес, оның ұғымы әлдеқайда кең», - деп жазып жатыр оқырмандар.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары қырғыздарды әділ жеңді ме? (видео)