Грузияның бұрынғы премьер-министрі футболшыларын осылай жігерлендірмек
Грузия футболшылары Еуро-2024-тің топтық кезеңінен шыққаны үшін 10 миллион еуро алады.
Егер 1/8 финалда Испанияны жеңсе, құраманы тағы осынша сыйақы күтіп тұр. Грузияның бұрынғы премьер-министрі және миллиардер Бидзина Иванишвили футболшыларын осылай жігерлендірмек.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, экс-шенеунік құрамаға құттықтау хатын жолдап, жуық арада Грузия құрамасына 30 миллион лари (шамамен 10 миллион евро) жіберілетінін айтқан. Бұдан бөлек миллиардер, құрама плей-оффте Испанияны жеңсе, тағы 10 миллион еуро үлестірмек.
Топтық кезеңнің соңғы матчында Грузия Португалияны 2:0 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алған. Енді грузин аяқдоп шеберлері Испания құрамасына қарсы дайындалуда.
Грузия – Испания кездесуі 1 шілдеден 2 шілдеге ауған түні өтеді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?