Бас прокоратура Ақжарқынды қайтара алатынына сенеді
Сенат кулуарында журналистер Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен Қытайда сотталып, түрмеде отырған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі туралы сұрады, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл жұмыс тоқтаған жоқ, белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жақында оң шешім шығады деп үміттенемін. Бұл бағытта жұмыс жүргізу оңай емес», - деп атап өтті Қойгелдиев.
Оның айтуынша, Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан елге қайтару үшін барынша күш салып жатыр.
-
6 қараша, 2024
Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті – Тамара Асар