Хасан түрмеге қамалды: Ол Шерзаттың өліміне қатысты ма? Arbat Media

Мән-жай анықталды

Күні кеше 16 жасар Шерзат Болаттың өліміне қатысты аты-жөні интернет төңірегінде шу болған Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Kozachkov Offside телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Осыған дейін Хасанға «Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі деген айып тағылған еді. Бірақ ол өзінің бұл қылмыспен байланысын жоққа шығарды. Ал, Ішкі істер министрлігі мұндай ұйымдасқан қылмыстық топтың жоқ екенін де айтты. 

Алайда, Бас прокуратураның мәліметінше, Қасымбаевтың 2021 жылы орын алған қылмысқа қатысы болуы мүмкін. 

Осыдан үш жыл бұрын Хасан Алматы облысындағы ауылдардың бірінде 1984 жылы туған жергілікті тұрғынды ұрып-соғып, ұрлап кеткен. Бұл қылмысы үшін үш ер адам жауапқа тартылып, кейін сотқа келіп, шартты түрде сотталды.

Қадағалау органы бұл істің барлық мән-жайын қайта зерттеп, бұл қылмысты ұйымдастырушы Қасымбаев болуы мүмкін деген қорытындыға келді. 

Осы себеппен қазір 106-баптың 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 125-баптың 2-бөлігі (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының адамды ұрлауы) бойынша жаңа іс қозғалды.

    Көп оқылды: