ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Құлкеевтің ұсталғаны туралы ресми ақпарат берді.
2023 жылдың желтоқсанында іздеуге жарияланған Қарағанды облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының бұрынғы жетекшісі Рустам Құлкеев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Құлкеевтің ұсталғаны туралы ресми ақпарат берді.
«ІІМ ӨҚД жедел-іздестіру шаралары барысында іздеуде жүрген азамат Қ. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2023 жылы қызметтік теріс себептермен Қарағанды облысы ПД Тергеу басқармасының басшысы қызметінен босатылған.
Ішкі істер министрлігі өз қатарындағы кез келген заңбұзушылыққа жол бермеу ұстанымын сақтайды және құқықбұзушылықтарды жою жұмыстарын жалғастыруда», – деп мәлімдеді ведомство.
Құлкеев майнинг техникасын ұрлады деген күдікке ілініп, оған қатысты «Ұрлық» және «Қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.