"Ермахан, кешірім сұрадың ба?": танымал фембике боксшының былығын ашты (видео) Фото-коллаж: Dopmedia

Ол Ермахан Ибраимовтың жөнсіз әрекеті жайлы пікір білдірді

Dopmedia порталының DopCast жобасының алғашқы қонағы заңгер әрі фембике Әйгерім Құсайынқызы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың жөнсіз әрекеті жайлы пікір білдірді.

Әйгерім Құсайынқызының айтуынша, боксшы бейбір жиындардың бірінде қыз балаларды жұдырықтаған.

"Бетіңізге айтайын, Ермахан Ибраимов... Ол кісі Алматыдағы бейбіт жиындардың бірінде менің жақын құрбыма қол көтерген болатын. Бейбіт жиынға шыққан қыздарды жұдырықтады. Қалай ақталды? Батыр аңғал келеді деді. Болды. Міне, біздің қоғамның зұлымдыққа деген толеранттығын көруге болады. Сен Олимпиада чемпионысың, бірақ сен қаршадай қызды жұдырықпен ұрдың. Кешірім сұрадың ба? Қоғам сені әшкереледі ме? Түрмеге отырдың ба? Айыппұл салды ма? "Батыр аңғал келеді" деген қазақ мақалын жамылып, құтылып кеттің. Міне, біз осындай дүниелерге төзбеуіміз керек. Осындай әрекеттерді әшкерелеуіміз керек", – деді Әйгерім Құсайынқызы.

 

    Көп оқылды: