Шавкат Рахмонов қарсыласының жарақатына қатысты пікір білдірді
Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов журналист Ариэль Хельвани шоуының тікелей эфирінде UFC чемпионы Белал Мухаммадтың жарақатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде кездесу өткізбекші болған. Алайда Белал Мухаммад аяғына инфекция жұқтырып алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
"Белалдың жарақат алғанын бір апта бұрын білдім. Әрине, жағымсыз жаңалық болды. Бұл жаңалықты көңіліме ауыр қабылдадым, себебі онымен жекпе-жекке шығуға дайындалып жүрген едім. Амал қанша... Ол жарақат алып, кездесуден бас тартты. Жарақатының қаншалықты ауыр екенін білмеймін, бірақ инфекция жұқтырды деген ақпарат бар. Енді күтеміз.
Менің ойымша, Белал жарақатына қарамастан UFC 310 турнирінде жекпе-жекке шыға алар еді. Жарақат алған кезде-ақ оның жаттығуға кіріскенін естідік. Мүмкін, Instagram-дағы фото мен видеолар әлдеқашан түсірілген болар. Ол бұл жағдайды түсініп, сақтықпен әрекет етті деп ойлаймын. Фото мен видеолар бұрын түсірілген сияқты. Біз оның жарақат алғанын бір апта бұрын білдік, бірақ ол сол кезде де жаттығуын жалғастырып жүрген еді", - деді Шавкат Рахмонов.