Ол қоғамдағы қазақ қызының рөлі туралы өз ойын білдірді.
Dopmedia порталының DopCast жобасының алғашқы қонағы заңгер әрі фембике Әйгерім Құсайынқызы қоғамдағы қазақ қызының рөлі туралы ашық айтты.
Фембикенің айтуынша, патриархаттың кесірінен қоғам қызды сыйламайды.
“Біз жігіттерді сыйлайтын, қыздарын қорлайтын қоғамбыз. Мен оны айтудан ұялмаймын. Патриархат деген сол. Қазақ қызы жайлы керемет мақалдар бар. “Қазақ қызын сыйлаған төрге отырады” ,- деген. Кімді алдайсыңдар? Қазақ қызының өмірі - сіздерге өмір емес. Қазақ қызын біз сыйламаймыз. Шындықтың бетіне қарайық”.
Толық нұсқасын Youtube-арнамыздан көре аласыздар.