Оразов неге ұлттық құрама ойындарына қатыспайды? Sport Plus Qazaqstan

Себебі белгілі болды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың Ұлттар Лигасындағы матчтарға Рамазан Оразовты шақырмауының негізгі себебі белгілі болды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресейлік маман Максим Самородовты алаңда Оразовсыз қалай ойнайтынын тексеріп көрмек.

Ұлттық команданың жаттықтырушысы осы арқылы ойын жүйесінде бір өзгерістер жасауды ұйғарған көрінеді. Сондай-ақ, Черчесов қос футболшының Аустрияға қарсы ойындарына көңілі толмағанын да жеткізген болатын.

«Сіздер тағы да ойнамаған футболшылар жайлы сөз қозғап отырсыздар. Маған фамилиялар емес, алаңдағы ойынышылар керек. Самородов пен Оразовтың Аустрияға қарсы ойында алаңға қалай шыққанын көрдім», – деді Станислав Черчесов. 

Айта кетейік, Рамазан Оразов Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасы аясындағы Аустрия мен Норвегияға қарсы кездесулеріне қатысатын футболшылар тізімнен тыс қалды. Жартылай қорғаушы Дания біріншілігіндегі «Силькеборг» сапында өткен айда бір бәсекеге қатысты. Сондай-ақ, кубоктік ойында да алаңнан бір рет бой көрсеткен болатын. 

Ұлттық команда 14-қарашада Аустрияны қабылдайды және 17-де сырт алаңда Норвегияға қарсы тұрады.

    Көп оқылды: