Павлодарда мектепте балаларға шошқа етін берген 716.kz

Оқиғаға қатысты асхана қызметшісі ата-аналардан кешірім сұраған

Оқиға Павлодардағы мектептердің бірінде болған. Бұл туралы Dopmedia.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

«5 қарашада комиссия мүшелері Әлихан Бөкейхан атындағы лицей- мектебінде ас мәзірінде шошқаның шұжығынан жасалған асты көрдік. Бұл жағдайды біз білмедік. Сондықтан әкімшілік пен комиссия мүшелері алдағы уақытта бұндай жағдайға жол бермейміз. Мына шұжықтардың барлығын өз қолымызбен қоқысқа тастап жатырмыз», — дейді комиссия мүшесі.

Оқиғаға қатысты асхана қызметшісі ата-аналардан кешірім сұраған.

«Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар! Сіздерден бүгінгі жағдайға байланысты кешірім сұраймын. Ол фирманың шұжықтарының құрамында шошқа еті болады деп ойлаған жоқпыз. Енді пайдаланбаймыз, ас мәзірінде пицца, шұжық қосылған бәліш секілді тағамдар болмайды», — дейді аспаз.

    Көп оқылды: