«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы клубтан кетеді ФК «Ақтөбе»

Бауыржан Байтана басқа клубқа ауысуы мүмкін

«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана клубтан кетеді, деп хабарлайды dopmedia.kz

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Бауыржан Байтана жақын күндері «Ақтөбе» футбол клубынан кетеді. Ойыншы басқа клубқа ауысуы мүмкін», - делінген хабарламада.

32 жастағы футболшы ақтөбелік команда сапына 2022 жылы ауысып келген болатын. 

Осы маусымда жартылай қорғаушы Қазақстан чемпионатының жеті ойынында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.