Әліп? «Барселона» «Зенит» ойыншысымен келісімшартқа отырмақшы ФК "Зенит"

Ресейлік «Зениттен» испаниялықтардың сапына кім ауысады?

«Зенит» футбол клубының бразилиялық жартылай қорғаушысы Маркус Вендел «Барселона» футбол клубына ауысуы мүмкін,-деп хабарлайды dopmedia.kz

Венделдың «Зенитпен» келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. 

Бразилиялық ойыншы «Зенит» үшін 2020 жылдан бері ойнап келеді. 2023-2024 маусымында 35 ойын өткізіп, 4 гол салып, 10 ассист жасаған. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпке «Галатасарай» футбол клубы қызығушылық танытқан болатын. Алайда,келісімшарт шарттары  ресейлік клуб басшыларының көңілдерінен шықпады.