«Тойлауға асықпаңдар»: Әлімханұлы қарсыластарына үндеу жасады Steve Marcus/Getty Images

Қазақ боксшысы Адамес пен Лараға үндеу жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз мансабын орта салмақта жалғастыра беретінін айтып, қарсыластарына үндеу жасады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Айта кетейік, боксшы Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түскен болатын. Сондықтан оның 14 шілдеге жоспарланған кездесуі өтпеді.

«Қолдауларыңызға рахмет! Қазір жағдайым жақсы. Бірнеше аптадан кейін қалпыма келіп, ораламын! Маңызды жаңалық: мен орта салмақта қаламын! Мұнда аяқталмаған шаруаларым бар! Адамес пен Лара, тойлауға асықпаңдар. Мен орта салмақта жұдырықтасып, барлық төрт титулды иеленемін, иншааллах! Менде салмақ мәселесі туындаған кезде барлық орта салмақтағы боксшылар жиналып, тойлағанын естідім. Мерекені бұзғаным үшін кешіріңдер! Патша қайтып оралды және орта салмақтағы дивизионды басқарады!», – деп жазды Әлімханұлы X желісіндегі парақшасында. 

Әлімханұлы соңғы мәрте 2023 жылы қазан айында жекпе-жек өткізген болатын. Ол Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Отандасымыздың кәсіпқой рингтегі рекорды – 15-0. 

    Көп оқылды: