Аргентиналық ойыншы алған жарақатынан кейін «Интер Майами» сапына қашан оралатыны белгілі болды
Америкалық клубтың бас бапкері Херардо Мартино аргентиналық ойыншы Лионель Месси Колумбиямен 2024 жылғы Америка кубогының финалдық ойынында (1:0) алған жарақатына байланысты алдағы екі матчқа қатыса алмайтынын жеткізді,- деп хабарлайды dopmedia.kz
«Ол тобығынан жарақат алды, сондықтан тексеру керек. Менде суреттерді көру мүмкіндігі болды. Жағдайдың ауырлығын анықтау үшін сынақтар жүргізіледі. Біз әрқашан [Аргентина] ұлттық құрамасының кинезиологы болып табылатын кинезиологымыз Уолтер Инсаурралдеден ақпарат аламыз. Ол тексеріс нәтижелерін алмас бұрын өте мұқият диагноз қояды», - деп келтіреді ESPN Мартиноның сөзін.
Айта кетейік, Интер Майами 18 шілдеде Торонтоға қарсы ойнайды. 21 шілдеде фламинголар Чикаго Файрмен кездеседі.
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды
-
13 қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама еншісінде 144 медаль, оның 44-і алтын